Астана мектептерінде цифрландыру жалғасуда. Биыл Астананың барлық мектебіне Wi-Fi қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
2019 жылдың I тоқсанында барлық мектеп қажетті компьютерлік жабдықтармен қамтылады.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен STEM-зертханалар орнату жалғастырылады.