KZ RU

ҰБТ сынағында екі оқушы 136 балл алды

Биылғы ҰБТ сынағында Маңғыстау облысы мектептерінің екі түлегі 136 балл алды, деп хабарлайды ELnews.kz ақпарат агенттігі.

  

Маңғыстау облысында ұлттық тестілеуді 4 167 оқушы тапсырған көрінеді. Солардың арасында Ержан Жанжігітов пен Ерсұлтан Рахметұлы облыс бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген.

Басылымның жазуынша, Ержан Жанжігітов тестілеуге сонау 9-сыныптан бастап репититордың көмегімен дайындалған көрінеді. Дегенмен, ол осынша балл аламын деп ойламағанын айтады. Көп болса 120 балдың төңірегінде жинармын деген екен.

Екінші оқушы - Ерсұлтан Рахметұлы болса сынаққа 11-сыныптан бастап әзірленіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова 25 маусымда ҰБТ тапсырып, 140 балл алды. Ол мектепте үлгерімі жоғары оқушы саналғанымен, Алтын белгіге үміткерлер қатарында болмаған.


Пайдалы кеңес