KZ RU

Коронавирусты тексеретін мобильді қосымша пайда болды

Қытайда коронавирус жұқтырғанын тексеретін мобильді қосымша пайда болды. Бұл туралы 24.kz жазды деп хабарлайды ELnews.kz. 

 

Қосымшаны ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті, Қытайдың ғылыми-технологиялық электроника корпорациясы және ҚХР Мемлекеттік кеңесі бірлесіп жасаған.


Қосымша арнайы QR кодты сканерлеу арқылы қолжетімді. Содан кейін ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеліп, аты-жөні мен жеке куәлік нөмірін енгізу арқылы жеке басын растауы керек. Шетелдік азаматтар тіркеуден өте алмайды, өйткені жүйе Қытай азаматтарының жеке куәліктерін ғана қабылдайды.


Егер қосымша қолданушыға жұқтыру ықтималдығын хабарлаған болса, тіпті белгілері болмаған жағдайдың өзінде дереу медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну ұсынылған.



Пайдалы кеңес