KZ RU

Арнольд Шварцнеггерге шабуыл жасалды

Оңтүстік Африка республикасында ұйымдастырылған спорттық шаралардың бірінде белгісіз адам америкалық киноактер Арнольд Шварцнеггерге шабуыл жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Видеода Калифорния штатының бұрынғы губернаторы, 71 жастағы актер Арнольд Шварцнеггер стадионда жанкүйерлерімен сөйлесіп тұрған кезде бейтаныс адам артынан келіп тепкені байқалады. Ал актер болса оқиғаның мән жайын видеоны көрген соң бірақ білген. «Алаңдап жатқандарыңызға рахмет. Бірақ алаңдайтын ештеңе жоқ. Мені әдеттегідей артымнан бір топ адам итеріп жатқан шығар деп ойладым. Не болғанын сіздер сияқты видеоны көрген соң бірақ білдім. Ол ақымақ менің снамчатымды (snapchat) үзбегеніне қуаныштымын», - деп жазды Арнольд Шварцнеггер. 


«Әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен видожазба ОАР Цоханнесбург қаласында сенбі күні түсірілген. Шабуыл жасалған кезде актер фотоға түсіп тұрған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, шабуыл жасаған адам полиция қолына табысталған. БІрақ актер оған қарсы арыз жазудан бас тартқан», деп жазады ВВС басылымы.


Автордың айтуынша, актер жанкүйерлерін бұл оқиғаны ұмытып, Оңтүстік Африка Республикасындағы спорт проблемаларын ойлауға шақырған.


«Біз Оңтүстік Африкада ArnoldSports платформасы аясында спорттың тоқсаннан астам түріне, 24 мыңнан астам спортшыға қолдау білдіреміз. Солар туралы ойлайық», - деп жазды Арнольд Шварцнеггер Twitter парақшасында.


Айта кету керек, «Арнольд Классик Африка» спорт фестивалі жыл сайын мамыр айында өткізіледі.



Пайдалы кеңес