KZ RU

Марста алғаш рет жер сілкінісі тіркелді

Франциялық сейсмограф SEIS аппараты тарихта алғаш рет Марстағы жер асты дүмпуін тіркеді. Бұл туралы Францияның CNES ғарыш агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

"Әлсіз, бірақ анық емес" сейсмикалық сигнал 6 сәуірде, яғни SEIS марсиандық миссиясының 128-ші күні анықталған.


CNES мәліметінше, бұл 1960-1970 жылдары "Апполон"(АҚШ) миссиясы кезіндегі Айдың бетінде байқалған белсенділікке ұқсас екен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл басқа бір сыртқы фактор немесе жел емес, нағыз жер асты дүмпуі.


Бұған дейін Curiosity ровері Гейл марсиан кратерінен тірі ағзалардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін азот қосындысын тапқан болатын. Оның пайда болуына Қызыл ғаламшар атмосферасындағы газ тәріздес сутегінің бар болуы мен астероидтардың құлауы ықпал етуі мүмкін.


Пайдалы кеңес