KZ RU

Ресей елшісін Румынияда тонап кетті

ELnews.kz - Румынияның Сибиу қаласында Ресей елшісі Валерий Кузьмин тоналды. Ол әмияны мен дипломатиялық карточкасынан айырылып қалған, деп хабарлады life.ru.


Басылымның хабарлауынша, елші әйелімен бірге қаланы аралап, қыдырып жүрген. Көшеде жүрген кезде бейтаныс адам елшіні кеудесінен жайырақ қағып өткен. Сол кезде ұры оның көйлегінің төс қалтасындағы әмиянын ұрлап кеткен.

Кузьминнің әмиянында 1250 лей (шамамен 300 доллар), 250 доллар, жеке куәлігі және дипломатиялық дәрежесін айқындайтын куәлігі болған.

Жергілікті жердің полиция қызметкерлері болған фактіге қатысты іс қозғап, қарақшының кім екенін анықтауда.


Пайдалы кеңес