KZ RU

Иракта әйел бірден 7 баланы дүниеге әкелді

Иракта 25 жастағы әйел бірден жеті баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы ria.ru жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Дияла провинциясындағы Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл өңірде бұрын мұндай жағдай тіркелмеген.  


Баспасөз қызметінің басшысы Фарис әл-Изауидің айтуынша, табиғи жолмен 6 қыз бен 1 ұл туған.


Қазір ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы деп бағаланып отыр.


Пайдалы кеңес