KZ RU

Жұмыста әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды

Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты жұмыстағы компьютерлерден және жеке гаджеттерден әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынды. Мұндай шешімді ғарыш айлағының директоры Евгений Раковский шығарды, деп хабарлайды ELnews.kz. 

РИА Новости осыған дейін хабарлағандай, Байқоңыр ғарыш айлағында цифрлық құжат айналымы енгізілетіндіктен, арнайы жұмыстардың жобасы бөлім басшыларына планшеттер арқылы жолданатыны айтылған.


«Қызметтік құпиялар сақталып, ақпараттардың тарап кетпеуінің алдын алу және еңбек тәртібін одан әрі нығайту үшін қызметкерлерге жұмыс барысында телефондарды, әлеуметтік желілердегі сайттарды және хабарламалар алмасуға тыйым салынады», - деп жазылған құжатта.


Осы бұйрыққа сәйкес, енді қызметтік хабарлама алмасу үшін ғарыш айлағының директоры ұжымдық жүйедегі электрондық поштаны пайдалануды талап етуде.


Пайдалы кеңес