KZ RU

Жер бетінен тез жойылып бара жатқан ұлт белгілі болды

БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті Болгариядағы халық саны азайып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Болгарияда 29 маусым күні халық саны 7 миллион адамнан аз болған. Мұндағы адамдардың азаюы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдан да нашар болып тұрған көрінеді. 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған.
«Бұл – ауыр жаңалық… Болгария клиникалық демографиялық шығынға ұшырауда, ол өліп барады… Біз әлемдегі ең жылдам жойылып бара жатқан ұлтпыз», - деген пікір білдірді академик Петр Иванов.
Bgnews таратқан ақпарат бойынша, 29 маусымда Болгарияда 120 адам өмірге келсе, 193 адам қайтыс болған.

Пайдалы кеңес