KZ RU

Жаңа туған баланы 9 мың долларға сатып жібергендер қамауға алынды


Қытайдың Хунань провинциясында полиция қызметкерлері WeChat әлеуметтік желіcі арқылы жаңа туған баланы сатып жіберген 6 адамды ұстады, деп хабарлайды ELnews.kz.
Күдіктілер маусым айының ортасында жаңа туған баланы 9,2 мың долларға сататындары туралы хабарлама берген. Қазіргі таңда баланы саудаға шығарғандар қамауға алынды.

- Баланы сатып алғысы келген кез келген адам тезірек Хунаньға келсін, - деп жазылған постта.

Келісім алдында сәбидің анасы оны өз еркімен және тегін беретіні жөнінде құжатқа қол қойған. Баланың қазір қайда екені белгісіз.

Айта кетейік, Қытайда баланы сату немесе ұрлап әкету жағдайлары жиі кездеседі. Бала сатушылар жағдайы төмен жүкті әйелдерге хабарласып, олармен келісу арқылы баланы сатып алушыларды іздейді. Балаларды көбінесе бай отбасылар мен баласы жоқ жұптар сатып алады. Әсіресе, адам саудасында ұл балалар сұранысқа ие.

Пайдалы кеңес