KZ RU

Смартфонның жарылуынан бір адам қайтыс болды

Малайзияда ток көзінде қуатталып тұрған смартфон жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ELnews.kz.
Қайтыс болған ер адам Cradle Fund компаниясының басшысы – Назрин Хассан. The Metro басылымының жазуынша, ер адамның нақты қалай қайтыс болғаны белгісіз.

Алдын ала болжам бойынша, смартфон жарылған сәтте оның жарқыншақтары ер адамның желкесін жарақаттаған. Ал, тағы бір болжам бойынша, ол смартфон жарылған кездегі түтіннен тұншығып қалған болуы мүмкін.

Марқұмның күйеу баласы оның Blackberry және Huawei маркалы екі смартфоны болғанын айтады. Осы екеуінің қайсысы жарылғаны да белгісіз.

- Қуат көзінде тұрған смартфонның оның өліміне себепкер болатынын кім білген. Енді оның балалары әкесіз өсетін болды, - дейді Хасанның күйеу баласы.

Пайдалы кеңес