KZ RU

Дәрігерлер Ақтөбедегі менингококпен ауырған баланың жағдайы қандай екенін айтты

Ақтөбедегі менингококтық жұқпамен ауруханаға жатқызылған 9-айлық бала сауыға бастады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

Оның айтуынша, сәби облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ЖРВИ деген күдікпен жатқызылған.

- Баладағы «менингококтық жұқпа» диагнозы зертханалық түрде расталды. Науқас емделу курсынан өтуде. Сәбидің жағдайы тұрақты, жақсарғаны байқалады. Онымен араласқан туыстары тексерілді, тексеру нәтижелері теріс. Оған медициналық бақылау орнатылды. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Өңірде жыл басынан бері менингококтық жұқпамен ауырудың үш оқиғасы тіркелінгенін атап өткіміз келеді.

- Барлығы да емделуде. Науқастардың медициналық ұйымдарға уақытылы келуінің арқасында барлық жағдай жақсы аяқталды. Осы адамдармен байланыста болған 180 адам тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушылар тіркелген жоқ. Менингококтық жұқпаның тіркелінген үш оқиғасының 2-уі зертханалық түрде расталды, 1-уіне диагноз клиникалық мәліметтер негізінде қойылды. Қайғылы аяқталған менингококтық жұқпа оқиғалары тіркелінген жоқ. Қазіргі кезде ахуал тұрақты», - деп сөзін толықтырды Нұрсұлу Беркімбаева.
Басқа да:

Пайдалы кеңес