KZ RU

Қарағанды облысында мешітте иіс тиген 3 жігіт қайтыс болды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы орталық мешітте үш жігіт иіс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды. Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі сол мешіттің пеш жағушысы болса, тағы екеуі  ауыл тұрғындары. Олар 28 қаңтар күні түс ауа мешітке келген.


Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосып, ұйықтап қалған. Осы кезде уалы газдан тұншыққан. Сұлық жатқан жігіттердің мүрдесін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған.


Алайда ауруханаға жеткізілгенімен жігіттер есін жимаған.


3 жігіттің өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтайды.


Пайдалы кеңес