KZ RU

Шымкентте дәріханадан жөргектерді тонаған адам ұсталды

Шымкентте полицейлер болжамды сериялық тонаушыны ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Абай аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бірнеше дәріхананың тонауына қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 52 жастағы тұрғынын ұстады.


23 қаңтарда полицияға белгісіз ер адам дәріхана қызметкерлерін қорқытып, жөргектерді алып, бой тасалағаны туралы хабарламалар келіп түскен.


Абай аудандық полиция бөлімшесінде Қылмыстық кодекcтің 191-бабының 1-бөлігі (тонау) бойынша 3 жайт және 187-бабы (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша 2 жайт тіркелген.


Ұсталған азамат Шымкент қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.


Пайдалы кеңес