KZ RU

Қарағандыда зейнеткерді өлтіріп, қашып кеткен әйел ұсталды

ELnews.kz - Қарағанды қаласының 43 жастағы тұрғыны адам өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицияның жедел іздестіру шараларының арқасында қылмыс жасаған әйел ұсталды.

- Оқиға 10 маусым күні болған. Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 79 жастағы зейнеткердің мәйіті табылған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 43 жастағы әйел ұсталды. Ол мас болып, зейнеткерді пышақтағанын мойындады», - дейді Қарағанды облысының ІІД өкілі Бақытжан Құдияров.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Пайдалы кеңес