KZ RU

Алматы облысында ұрлық жасаған теміржолшылар сотталды

Алматы облысында теміржол көліктерінен заттарды ұрлаумен айнлысып келген екі адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Құқықбұзушылар теміржол жұмысшылары. Олар тепловоз жүргізушісі мен көмекшісі болып шыққан.


Көлік полицейлері ұсталғандардың Бескөл станциясында жүк вагонынан 93 орам арнайы киімге арналған түкті матаны ұрлағандықтарын анықтады. Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды. Жүргізілген тергеу әрекеті барысында олардың кінәсі толық дәлелденді.


Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ұсталғандардың өздері басқарған тепловоздан дизель жанармайын ұрлауға қатыстылығы жөнінде үш факті анықталды.


Алматы обласы Алакөл аудандық сотының үкімімен аталған азаматтар қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



Пайдалы кеңес