KZ RU

Түркістан облысында оқушыны автобус басып кеткен

Түркістан облысында 5 сыныпта оқитын баланы оқушылар тасымалдайтын автобус басып кеткен. 11 жастағы Мейрамбек Рысбеков жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, мерт болды,  деп жазады ҚазАқпарат.

 


Қайғылы жағдай ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылында болды. Аталған автобус 4 шақырым жердегі көрші Бірлесу ауылдық округінен балаларды тасымалдаған.


«Таңертең сағат 8-де үйден шығып кеткен. Автобусқа мінген кезде оның сынып жетекшісі Эльмира Күзербаева автобустың есігін қарап тұрасың деп тұрғызып қойған. Шамамен 60 шақты бала мінген. Балалардың айтуынша, ол 700 метрдей жүргенде 10 сыныпта оқитын бір қызбен екеуі ұрсысып қалады. Ол баламды үш-төрт рет тепкен. Сол кезде жүріп бара жатқан автобустың есігі ашылып кетеді. Оны тергеушіге жүргізушінің өзі де мойындаған.  "Есігім ашылып кете береді", деп айтқан Ал балам автобустың есігінен ұстап қалған. Сол кезде әлгі қыз баламның қолынан ұрып, ол құлап кеткен. Мейрамбек алдыңғы есіктен құлап, артқы дөңгелек оны басып өткен. Бірақ автобус тоқтамастан, мектепке бір-ақ барған. Балалар болған оқиғаны  апайларына  айтқан. Оны шамамен 20 минуттан кейін басқа ауыл тұрғыны өліп жатқан жерінен тауып алған»,- дейді баланың әкесі Бектұрсын Сәтбаев.


Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.


«Аталған жол-көлік оқиғасы Келес АПБ-іне тіркелген. Қылмыстық кодекстің  345 бабы 3 бөлігімен («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», делінген хабарламада.   



Пайдалы кеңес