KZ RU

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарағанды облысының «Қарағанды-Атасу» тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz. 

 

Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


"Ағымдағы жылдың 17-ші ақпанында сағат 17.00 шамасында «Қарағанды-Атасу» тасжолында Ақой кентінен 15 шақырым қашықтықта Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатқан  35-жастағы «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жолдың тайғақтығынан көліктің басқаруына ие бола алмай қалған. Салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып, 37-жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы «Мазда» автокөлігімен соқтығысқан. Жол–көлік оқиғасы барысында «Ауди-100» автокөлігінің төрт жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орынында көз жұмса, «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған ІІД хабарламасында.


Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 



Пайдалы кеңес