KZ RU

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында биыл тұңғыш үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Түркістан облысында биылдыққа алғашқы үшем дүниеге келді. №1 Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері небәрі бір жарым, екі келі салмақпен туған нәрестелерді 20 күн бойы қадағалап, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарды. 

Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылынан №1 Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген 29 жастағы Жадыра Абдалиеваға шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлердің көмегімен босанған. Үшеуі де ұл бала.

«Айы-күні толмай туған сәбилердің салмағы небәрі (1700 грамм, бойы – 40 см, 2000 грамм, бойы – 42 см, 1700 грамм – бойы 48 см). Дәрігерлер аман алып қалған үш ұл бала өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, алдағы бір айды арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді. №1 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосқан», – дейді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанар Идерова.

Айта кетейік, үшем ата-анасының тұңғыштары. Жадыра Абдалиеваның жақындары сәбилерді Аян, Саян, Аман деп атаған. Бүгінде нәрестелердің өміріне еш қауіп жоқ.

Айта кетейік, жақында Шымкентте үшем дүниеге келген болатын. 

  


Пайдалы кеңес