KZ RU

Шымкентте үшем туған ана 6 баласымен далада қалуы мүмкін

Жақында ғана үшем туған көпбалалы ана 6 баласымен далада қалуы мүмкін. Бұл туралы Otyrar.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Мегаполисте алғашқы үшем дүниеге келді деп кеше ғана бүкіл елге жар салып, әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сүйінші сұрадық. Ел халық саны көбейді деп қуанды.


Әп-сәтте көпбалалы анаға айналған жанның әлеуметтік жағдайына ешкім мән бермеді. Перзентханадан шыға салып, жалдамалы мұздай времянкасына келген ана, балдарының жағдайын жасай алмады. Қайтып аурухана жатып, үлкен үш баласы қараусыз қалды. Ең сорақысы пәтер иесі де шығарып жіберді. Енді не етпек керек? Көптен көмек сұрап, жағдайын жария етті. Қол ұшын созуға кім бірінші жетті? Осы жөнінде телеарна арнайы сюжет дайындапты.


Еске сала кетсек, Шымкентте үшем дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.


Пайдалы кеңес