KZ RU

Павлодарда екі бала ата-анасымен бірге иіс тиіп көз жұмды

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы жеке үйден 6 ақпанда сағат 21:30 кезінде төрт адам өлі табылған. Бұл туралы azattyq.org жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

Олар бір отбасының мүшелері Рустам Бекболатов (1979 жылы туған), Наталья Бекбатырова (1982 ж.) Динара Бекбатырова (2004 ж.) және Дамир Бекбатыров (2007 ж.) екені анықталған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйелдің аяғы ауыр болған.


Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі А.Мұқановтың сөзінше, бұл төрт адам иіс тиіп қайтыс болған.


Баянауыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шайхин осы отбасында 1999 және 2002 жылдары дүниеге келген екі қыз аудан орталығында оқитынын айтты.


«Олар Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде аспаз мамандығы бойынша білім алып жатыр. Балаларды уақытша үймен қамтамасыз етеміз», - деді Шайхин.


Құқық органдары бірнеше адамның қазасына байланысты алдын ала тергеу жұмысын бастады.


Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанада өрттен бес бала қаза тапқан болатын.


Пайдалы кеңес