KZ RU

Алматы облысында кәріз құдығын тазалау кезінде 3 адам қаза тапты

Алматы облысында кәріз құдығын тазалап жатқан 2 сантехник және оларға көмекке келген дәрігер қаза тапты, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Қайғылы оқиға 2 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының ауруханасының ауласында болған.


Облыстық ТЖД мәліметінше, жұмысшы кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған. Осы кезде оған үш адам – 2 дәрігер мен 1 сантехник көмекке ұмтылады.


Өкінішке қарай, 3 адам кәріз құдығындағы газдан уланып қайтыс болған. Дәрігерлердің тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.



Басқа да:

Пайдалы кеңес