KZ RU

Алматы облысында ірі жол апаты болып, бір отбасының мүшелері қаза тапты

Алматы облысындағы Кеген-Сарыжаз-Нарынкол автожолының бойында ірі жол апаты болып, бір отбасының мүшелері қаза тапты, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Кеген бағытындағы 8 км 700 м қашықтықта екі көлік соқтығысқан. Екі көлікте 10 адам және 8 айлдық нәресте болған.


Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, алтауы ауыр жарақаттанған. Ал қалған 6 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жөнелтілді.


«Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.


Жол апатының салдары анықталып жатыр.

Басқа да:

Пайдалы кеңес