KZ RU

Қостанай облысында әйел бұрынғы күйеуін ұрып тастады

Қостанай облысының тұрғыны бұрынғы күйеуімен жанжалдасып, оны ұрған. Сот күйеуіне қол жұмсаған әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Олар ажырасып кеткен. Бірақ, екеуі ажырасқаннан кейін де ұрыс-керістерін тоқтатпаған.


Нәтижесінде ер адам әйелді балағаттап, ал әйел оған қол көтерген. Сот отырысында әйел күйеуімен ажырасып кеткенін, олардың 2 жастағы баласы бар екенін айтқан. Бірақ, әйел ажырасқан соң ер адамның алиментке тиын-тебен төлеп отырғанын айтып, күйеуімен баланы кездестірмей қойған.


Соттың шешімімен ер адамды ұрған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК – 34 035 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Басқа да:

Пайдалы кеңес