KZ RU

Темекі шеккен қыздың анасы жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында баласының қоғамдық орында тәртіп бұзып, темекі шеккені үшін анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ELnews.kz.


Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша азамат А.ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, оның  кәмелетке толмаған 2003 жылы туылған қызы Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған, сонысымен қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында А. өзінің кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған баламен әңгімелесу жүргізілгенін айтып, кешірім сұрады. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта осындай құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндеттелді.

Кәмелетке толмаған Б. істің мән-жайын қуаттап, өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Сотпен азаматша А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Басқа да:

Пайдалы кеңес