KZ RU

Шымкент қаласының әкімі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Ғабидулла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.



- Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын, - деп жазылған Жарлықта.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылғы 23 қантарда Шымкент облысы Киров ауылында дүниеге келген.

1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті;

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы;

2012-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары - Шымкент қаласының әкімі; 2017 жылғы 31 қазаннан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Айта кетейік, 19 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Сондай-ақ, Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Басқа да:

Пайдалы кеңес