KZ RU

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.


- Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын», - деп жазылған Жарлықта.
 
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ффилология ғылымының кандидаты, профессор. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.

1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2006 жылдары - ҚР Президенті протоколының жетекшісі, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2007-2010 жылдары Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылғы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Айта кетейік, 19 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойған еді.
Басқа да:

Пайдалы кеңес