KZ RU

Астанада 2 мың домбырашы өнер көрсетеді

Астананың 20 жылдығы қарсаңында 2 мың домбырашы өнер көрсетпекші. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.


- Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі айтқанындай, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Таяу арада Елордамызда 2 мың домбырашы өнер көрсетпекші. Бұл тариxымызда баламасы жоқ, бірегей оқиға болмақшы. Өте жақсы бастама. Руxани Жаңғыру тұжырымдамасына сай келетін іс-шара!, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Басқа да:

Пайдалы кеңес